Global Chemicals Industries компаниясы барит концентратын өндіретін зауыт салады

«Global Chemicals Industries» ЖШС Қарағанды облысының қаражал қаласында барит рудасын өндіретін және барит концентратын шығаратын зауыт салады.

Қарағандыда жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысында ЖШС бас директоры Жұмабек Жанықұлов: «Зауыт «Бестөбе» кеніші мен келешегі бар өзге де барит кеніштері негізінде салынады. Жобаның жалпы құны - 4 млрд 500 млн теңге. Қаржы негізінен шетелдік Halliburton компаниясының инвестициясы есебінен алынады», - деп атап өтті. Отырысқа аймақ әкімі Бауыржан Әбдішев жетекшілік етті.

Оның айтуынша, зауыт жылына 200 мың тонна барит концентратын өндіреді. Кәсіпорын 2016 жылы толық өндірістік қуаттылығына жетуі тиіс. Қазақстанның барит рудасына деген ішкі сұранысы жылына 50 мың тоннаны құраса, жылына 150 мың тонна руда экспортқа шығарылмақ.

«Технологиялық желі АҚШ-та дайындалады. Жобаның жаңалығы осы. Бұл барит рудасын өңдеу бойынша ТМД кеңістігіндегі ең ірі әрі жоғары технологиялы жоба болмақ. Зауыт Қаражалда, жалпы аумағы 10 гектар алқапқа орналасады. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін біз облыс бюджетіне 500 млн теңге салық төлейміз деп жоспарлап отырмыз», - деді Ж.Жанықұлов.

Он также отметил, что конечная продукция завода будет соответствовать стандартам American Petroleum Institute (API). Завоттың шыққаннің өнімің American Petroleum Institute (API) стандарттарына сәйкес болатындығын айтты.

Үйлестіру кеңесі төрағасы, аймақ әкімі Бауыржан Әбдішев мұның облыс үшін өте маңызды жоба екенін атап өтті.

«Бюджетке өте қомақты мөлшерде салық төленеді. Оның үстіне, инновациялық жоба болғандықтан оны «Индустриаландыру картасына» енгіземіз», - деді Б.Әбдішев отырыста.

Бұл жаңалықпен бөлісіңіз