Геологиялық барлауға - жасыл шам!
Қазақстан үкіметі тау-жыныс саласының тиімдірек дамыуы үшін заңнамада бірқатар өзгерістер енгізбекші. Шенеуніктердің ойынша бұл жаңалықтар жер қойнауын қолдану құқығын алуды едәуір жеңілдетеді, сонымен қатар барлау жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Индустрия вице-министрі Нұрлан Сауранбаев Астанадағы 17-ші сәуірдегі IV MINEX Central Asia тау-жыныс форумында айтқанындай, Қазақстанда барлау жұмыстарына құқықтар процедуралары жеңілдетіледі, бұл ең алдымен пайдалы геологиялық барлау саласына инвесторларды ынталандыру мақсатындажасалады.
Қаражалдың барит консентраты
«Global Chemicals Industries» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды облысуының Қаражал қаласында бариттік кенді өндіру және бариттік концентартты шығару жөніндегі өндірістік комплексті құруға ниетті. Құны 4,5 млрд тенге құрайтын зауыт "Бестөбе" қойнауының бариттік және басқа да перспективалық қойнауларының базасында салынатын болады. Бұл қаржы Halliburton компаниясының тікелей шетелдік инвесторлары болып есептеледі. Жоспар бойынша зауыттың проектілік қуаты жылына 200-мың т құрайды.
Қазақстанның бариттік рудаға жыл сайынғы сұранысы 50-мың т құрайтындығын есептегенде компания жылына 150-мың тоннаға дейін экспорттай алады деп болжанады.
Бариттік руданы қайта өндіру бойынша жасалған бұл жоба ТМД-да ең ірі және жоғары технологиялық жоба болып есептеледі. Оның жаңашылдығы - жаңа зауытқа қажет тнхнологиялық желісі АҚШ-та жасалады. Қорытындысында, дайын өнім American Petroleum Institute стандарттарына сәйкес болады.
Зауытты іске қосқаннан кейін компанияның Қарағанды облысының бюджетіне жыл сайынғы салық төлемі 500 млн тенгені құрайды.
Анықтама үшін: «Global Chemicals Industries» Жекеменшік шектеулі серіктестігі мұнай-газ және металлургия өнеркәсіптерінде қолданылатын химиялық реагенттер мен заттарды өндіреді және іске асырады.