Біз туралы
«Global Chemicals Industries» компаниясы
2011 жылы құрылған «Global Chemicals Industries» компаниясы баритті өндіру саласындағы қарқынды дамып келе жатқанг жас компания. «Global Chemicals Industries» компаниясының негізгі тұтынушылары мұнай және газ компаниялары. Өндірілген барит мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде гидростатикалық қарқынды меңгеру кезінде ауырлатқыш ретінде қолданылады. Өнім ISO 9000 сериялы баритті өңдеу үшін API, ISO 14000 сериялы экологиялық стандартқа және OHSAS 18000 еңбек қауіпсіздігі стандартына сәйкес келеді.
Қаражал қаласындағы жылына 200 000 т қуатты "Барит кенін қайта өңдеу өндірістік комплексі" толығымен автоматтандырылған. АҚШ-ғы Mouat компаниясының мамандары өнімді өңдеу технологиясын әзірлеген, сонымен қатар металдар қорытпасы бойынша "Бестөбе" кен орнындары үшін аумақтың ауа-райы және геологиялық жағдайын есепке ала отырып, әзірлеген. Барит ҚР Қарағанды облысы Бестөбе кен орнындағы зауытқа жақын жерде өндіріледі. Карьердің параметрлері ұзындығы 436 м және ені 364 м құрайды. Зауыттың кен қоры 1,25 млн тонна дайын баритпен қамтамасыз ететін шамамен 2 493 000 т құрайды. Дайын өнімді «Global Chemicals Industries» компаниясына тиесілі темір жол тұйығынан жіберіледі.
Стратегия
Global Chemicals Industries стратегиясы - бұл Қазақстан, ТМД және Еуропа нарығында жоғарытехнологиялық жабдықтау және жоғары өнімділік жағына баритті көшбасшы өндіруші мен жеткізушіге айналдыру. 2016 жылы жобалық 200 000 тонна қуаттылықпен 70% дейінгі өнім сыртқы нарыққа экспортталады: Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Әзербайжан және мұнай өндіруші Солтүстік Еуропа (Норвегия, Дания, Шотландия) елдеріне. Компания ең тәуір өндірістік жабдықтау (Mouat, Williams) және автоматизацияланған жүйелерін (Siemens) сатып алған.
Қазақстанда Global Chemicals Industries және ТШО (Тенгиз), NCOC (Кашаган), КПО (Карачаганак) және басқа ірі мұнай өндіретін операторлармен берік ынтымақтастықта болады. Компанияның клиенттері Schlumberger және Halliburton сияқты әлемдік мұнай сервистік алпауыттар болып табылады.
Мақсаты және бағыттары
Біз API (American Petroleum Institute) ең жақсы әлемдік стандартқа сәйкес келетін жоғары сапалы баритті үздіксіз жеткізу арқылы Қазақстан мен ТМД елдерінде мұнай өндіретін салаларды дамытуға көмек береміз.
Біздің құндылығымыз – бұл:
- Кәсібилік – біз өзіміздің жоғары кәсібилігіміздің арқасында көшбасшы болып табыламыз, біз жаңалықтардың барлығына жақынбыз және үнемі даму үстіндеміз, өз ісіміздің білікті кәсіпкерлерді қамтимыз.
- Инновациалық – біз әлемдік өнеркәсіпте ең озық технологияларын пайдалануға және жоғары өнімділікті қамтамасыз етеміз.
- Клиентке бейілділік және ыңғайлылық – біз ынтымақтастықтың ең жоғары жағдайын жасап, біздің өнімдерді өз тұтынушыларымызға жеткіземіз.
- Этикалық – іскерлік қарым-қатынаста этиканың жоғарғы үлгісін сақтап, қоғамның мәдениеті мен құндылығын қадірлеп, өз беделімізді апрттырамыз
Зауыт туралы «Karazhal Operating»
«KARAZHAL OPERATING» ЖШС компаниясы 2015 жылы қаңтар айында құрылды. «GLOBAL CHEMICALS INDUSTRIES» ЖШС компаниясы үлескер компаниялардың қатарына жатады.
BASO4 бариттік қышқылды өндіру мен босату жоспарын орындау - «KARAZHAL OPERATING» ЖШС құру мақсаты. Бұл үшін «KARAZHAL OPERATING» ЖШС компаниясы жылына 200 тт қуаты бар бариттік кенді қайта өңдеу майдалау және тазарту үшін толығымен автоматтандырылған зауыт құрылған. Зауыттың және технологиялық желінің жобалаушысы және әзірлеушісі - мол тәжірибесі бар (40 жылдан аса) және қайта өңдеуші жабдықтауларды жоспарлау мен өндірудегі өздіндік жетістіктері бар «MOUAT» компаниясы.
Бариттік Б маркалы КБ-3 топтағы 4682-84 ГОСТ және бойынша және жоғары 4.2 г/см3 тығыздығы бар 13 A API бойынша мұнай-газ аумақтарындағы жоғары тереңдіктегі ұңғымаларда үзіліссіз жұмыспен қамтамасыз ететін бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін маңызды шикізат болып табылады.
«KARAZHAL OPERATING» ЖШС артықшылығы - бариттік салмақ API және EPA халықаралық стандарттарына сәйкес келетіндігі.
Сертификат:
Дайын өнімнің сәйкестік сертификаты. Сертификаттау мақсаты - өнімнің қауіпсіздігін растайтын рәсім. Өнім, егер ол нормативтік және техникалық құжаттаманың қауіпсіздік бөліміндегі талаптарға сәйкес келсе, қауіпсіз болып есептеледі. Мұндай құжаттарға техникалық регламенттер, стандарттар, техникалық жағдайлар, ережелер жиынтығы және т.б жатады. Өнімнің ресми түрде белгіленген талаптарды растайтын құжат - сәйкесік сертификаты болып табылады.
STKZ сертификты – келешекте босату мүмкіндігі бойынша Қазақстан Республикасында жасалған тауарларға беріледі.