Барит
Барит - табиғи барий сульфаты (ВаSO4). Барийдің өнеркәсіпте қолданудың кең көлемді спектірін анықтайтын негізгі технологиялық қасиеттері - жоғары тығыздығы (4.2 г/см3), химиялық инерттілігі, төменгі қаттылығы (шағын абразивтілігі), ренгенттік сәулеленуді бойына сіңіру қабілеттілігі, түрлі-түсті бояуларды өндіруде тамаша негіз болады; арнайы агрессивті орталардағы тұрақты арнайы цементтердің; батпақты жерлер мен су астында құбыр жүйесін фундамент ретінде жүргізу кезінде қолданылатын "ауыр" бетондар; жол құрылысында; аэропорттарда жолдардың мықты және иілгіш қабатын жасауда. Химиялық өнеркәсіп өнеркәсіптің түрлі салаларында пайдаланатын барий тұздарының өндірісінде баритті қолданады. Сонымен қатар барит ядролық энергетикада "көму" мен реакторлар құрылысында ең арзан қорғағыш материалы болып есептеледі.(Ахманов және т.б, 1995).
- Формула - BaSO4
- Атауы - грек тілінде “барис” ауыр Жоғары тығыздығына байланысты сыртқы кейпі ұқсас минералдардан (кальцит, доломит) оңай ажыратылады.
- Химиялық құрамы: Барий тотығының (BaO) 65,7% күкірт оксиді (SO3) 34,3% .
- Түсі: Ақ, сұр, қызыл, сары, қоңыр, ақшыл қоңыр.
- Жылтыр: Шыны, інжу
- Мөлдірлігі: Мөлдір, айқын.
- Қаттылығы: 3.
- Тығыздығы: 4,3—4,7.
- Сингония: Ромбы кейпте.
- Кристалдардың түрлері: Жиі әдемі көпқырлы кристалдар кедеседі; көбіне таблеткаларға ұқсас призмаға ұқсас кристалдар сирек кездеседі.
- Кристалдық құрылысы: Анионный комплекс [SO4]2--с Ва.
- Симметриылық класы: Ромбо-бипирамидальдық — mmm.
- Осьтер қатысы: 1,627 : 1 : 1,310
- Біріктірілуі: Айқын (калциттен жазықтықтар арасындағы тік бұрышымен ерекшеленеді); минерал агрегаттың ромбылық призмасынан біріккен ойындылар жасайды. Дәнді, сәулелі, тығыз бүршікті тақтайға ұқсас жалпылама. Жұқа сынықтарынң шеті жарылады және балқиды, алау сары-жасыл түске айналады.
- Қышқылдардағы әрекеттер: Ұнтақ түрінде консентратталған күкірт қышқылында баяу ериді; су қосылған кезде ерітінді BaSO4 түсуіне байланысы бұлыңғырланады.
- Қатысты минералдар: Кальцит, флюорит, сидерит, пирит, галенит және т.б.
- Ұқсас минералдар: Целестин, арагонит, кальцит, полевые шпаты, ангидрит.
- Практикалық мағынасы: Біріншіден, ол ақ бояу алу үшін, рентген техникасы әсерінен қорғау сияқты, бұрғылау ерітінділері үшін ауырлатқыш ретінде қолданылады және басқа да мақсаттар үшін беріледі.
Қолданылуы:
- Мұнайгаз өндіретін өнеркәсіп және геологиялық барлау - бұрғылау ерітінділерінің қосындылары терең және өте терең бұрғылауда іске асырылады
- Цемент өнеркәсібі – жоғары сульфатқа төзімді, термотөзімді және ауырлатылған томпонажды цемент алу.
- Химиялық өнеркәсіп – құрамында барлық барий қосындылары, тұздар және барий препараттарын өндіру.
- Шыны өнеркәсәбі - арнайы шынылар өндірісі. Бариттік шынылар өте таза, мөлдір жылтыр және оптикалық қасиеттері бар.
- Метеллургия - ферроқорытпалар өндіру процесінің күшейткіші, құрамында барий бар құрытпаларды балқыту үшін, сары мысты флюс ретінде балқыту кезінде және альюминий өнеркәсібінде таза альюминий оксидін өндіру үшін қосынды.
- Жол құрылысында - толықтырғыш. Ұнтақталған баритті латекс (6%) және ыстық асфальт (47%) қоспасымен ұшу-қону жолақтары мен қарапайым жолдардың үстіңгі қабаты ретінде қолданады.
- Лакокрасочная промышленность – производство белого пигмента (литопона), высокосортных цинковых (в смеси с ZnO и ZnS) и свинцовых белил и других красок, беложгущихся изделий, кафельных плиток и пр., в высокосортных эмалях, применяемых в реакторах для антикоррозионной защиты.
- Жабындылар өнеркәсібі (Лакокрасочная промышленность) - ақ пигмент (литопонның), жоғары сортты цинкті ( ZnO және ZnS қоспасымен) және ақ қорғасын т.б. бояулар және керамикалық өнімдер (беложгущихся изделий), кафельдік тақтайлар және т.б. реакторларда коррозиядан қорғау үшін қолданатын жоғары сортты эмальдарда қолданады.
- Резина-техникалық - инертті немесе нашар белсенді толтырғыш.
- Асбест өнеркәсіп - фрикциялық материалдар өндірісі.
- Атомдық өнеркәсіп - радиациядан қорғау үшін қалқандар: 80% бариттің және 10% темір оксиді қамтитын бетонды материал сонымен қатар гамма сәулелерінен жақсы қорғаныш материал болып табылады. Гипс қабырға рентген зертханаларының шеңберінде, X-сәулелерінің зиянды әсерінен қорғау ретінде әрекет етеді.
Өндіріс қадамдары
Өндіру
Барит рудасын ашық тәсілмен өндіру.
Ұнтақтау және байыту
Рудаларды қажетті деңгейде ұнтақтау.
Құрғақ майдалау
Өнімді роликті диірмендерде құрғақ түрде майдалау.
Орау
Биг бэги етіп орау және жөнелтуге дайндау.
Жеткізу
Біз кез келген транспортпен жеткіземіз.